2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Алматы облысында карантин күшейтілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының аумағында карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz telegram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында карантин күшейтілді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің қаулысына сәйкес, өңірде жаңа шаралар күшіне енеді.

Атап айтқанда, жиналыстарды, кеңестерді, конференцияларды, форумдарды, семинарларды, съездерді және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметі 30-дан астам отыратын орын-жайларда және 50-ден астам отыратын жазғы алаңдарда, онлайн-тапсырыстарды ұйымдастыруды және жеткізуді қоспағанда, тоқтатыла тұрады.

Сауда, ойын-сауық орталықтарының, діни объектілердің, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, артклубтардың, балалардың бос уақыты мен қосымша оқыту орындарының, балалардың түзету кабинеттерінің және меншіктің барлық нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Стационарлық медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілерінде жоспарлы емдеуге жатқызу, сондай-ақ халықты жоспарлы иммундауды, жүкті әйелдерді қабылдау мен скринингті қоспағанда, жоспарлы медициналық қызметтерді қабылдау және көрсету тоқтатылады.

МСАК дәрігерлерінің жоспарлы қабылдауы және амбулаториялық-емханалық ұйымдар дәрігерлерінің жоспарлы консультациялары қашықтықтан қызмет көрсету форматына ауыстырылады.

Тағы да оқыңыздар

Шектеулі уақыт қойылады: Қарағанды облысында карантин күшейтілді

ХҚКО, Оpen Талдықорған сервисі, бизнес орталықтарының (сақтандыру компаниялары, есепші және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттігі, жарнама агенттіктері және т.б.) жұмысы онлайн форматқа өтеді.

Онлайн-формат көзделмеген қызметтерді көрсету алдын ала жазылу арқылы, электрондық кезекпен, жұмыс кестесімен сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жүзеге асырылады.

Айта кетейік, демалыс күндері Солтүстік Қазақстан облысында карантин шаралары күшейтілмек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында карантин күшейтілді