Выйти
RU

"Іздемеген жеріміз жоқ": Алматы облысында 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысындағы Текелі қаласында 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды. Қаралы хабарды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаевтың өзі әлеуметтік желіде оқырмандарына жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Іздемеген жеріміз жоқ": Алматы облысында 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды

Көрнекі фото: azh.kz

"Бұл жазбаны жазуға түрткі болған - түнгі оқиға. Он жасар Владты түні бойы іздедік. Маған Влад жоғалып кетті деген хабарды түнгі 1.30 да еріктілер телефон соғып жеткізді. Бармаған, іздемеген жеріміз қалмады. Сөйтсек, Влад үйінің артындағы қалың ағаштың ішінде дарға асылып қалған екен. Өте өкінішті, бұл өлімге не түрткі болғаны тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болар.
Владтың әкесі жайлы нақты мәлімет жоқ, өгей әкесі кәріс ұлтынан екен. Бала тәрбиелейтін әке қайда, жалпы еркектер қайда кеткен? Маған қызметіме байланысты жалғызбасты, көпбалалы жиі келеді. Сонда мен "бұлардың әкелері қайда?" деп сұраймын. Көбінің жауабы жоқ, ал жиі еститінім - әкесі маскүнем, арақ ішіп кеткен", - деп жазды Текелінің әкімі Б.Өнербаев.

Шаһар басшысы Текеліге әкім болып тағайындалғанда тұрғындарды салауатты өмірге шақырғанын да еске салды.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтанда жігіт пен қыз көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кеткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Іздемеген жеріміз жоқ": Алматы облысында 10 жасар бала асылып тұрған жерінен табылды