Выйти
RU

Тараз тұрғындары карантин кезінде беташар жасаған (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Тараздағы беташардың видеосы тарап кетті. Думанды басқосуда түрлі байқаулар ұйымдастырылған. Аталған видеоға қатысты Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тараз тұрғындары карантин кезінде беташар жасаған

Фото: Видеодан кадрлар

Желіде тараған кадрлардан жаппай жиылған қонақтарды, көңілді музыка мен бірнеше жүргізушіні байқауға болады. Жақында жарияланған бейнероликте меймандардың ақша сыйлау сәті түсірілгені айтылады. Желі қолданушылары аталған бейнероликке қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі олардың карантин талаптарын бұзғанын айтса, екіншілері жұпқа бақыт тілеген. Ал үшіншілері, тіпті, шараның дәстүрге сай өтпегенін айтып шүйліккен.

Аталған видеоға қатысты полицейлер де жауап берді. Өңірлік департамент баспасөз қызметінің ақпарынша, беташарды кім өткізгені анықталған. Мейрам Тараз қаласында Шөлдала массивінде ұйымдастырылған. Бұл мәселеге қатысты ақпаратты құқық қорғау қызметкерлері санитар дәрігерлерге жолдапты.

Олардың құзыретіне карантин режимі жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін жазалау шараларын белгілеу кіреді.

Айта кетейік, осыған дейін карантинге қарамастан, Түркістан облысында аста-төк той жасаған тұрғындардың видеосы тарап кеткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тараз тұрғындары карантин кезінде беташар жасаған (видео)