Выйти
RU

Атырау қаласында дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек тапшы

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атыраулықтардың дәрі-дәрмекті аса қажет болмаса да, сатып алып жатқаны қалада дүрбелең туғызып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау қаласында дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек тапшы

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Семейное" дәріханалар желісінің директоры Руслан Сәрсеновтің айтуынша, тұрғындар белгілі бір дәрілерді қабылдау инфекция жұқтырудың алдын алады немесе ауру салдарын азайтады деген жалған ақпаратқа сеніп жүр.

"Мұндай дүрбелең шамамен бір апта бұрын басталды. Бұрын күніне 50 дана парацетамол сатылса, қазір саны 1000 данаға дейін жетеді. Көп адамдар туыстары мен достарының немесе WhatsApp желісіндегі жалған хабарламалардың әсерінен дәрі-дәрмекті ауырғанда емес, алдын ала сатып алады. Бүгінде "қауіпті дерттің бетін қайтару үшін парацетамол көмектеседі" деген жалған ақпарат таралып кетті. Карантин кезінде зімбірді көптеп сатып алғандай, оны да сатып ала бастады.
Ал адамда диарея немесе ангина болуы мүмкін. Біз дәрі-дәрмек сатып алуға тыйым сала алмаймыз, өйткені біраз адам ауылды жерлерден келіп, сатып алып жатады. Қазіргі уақытта дене қызуын түсіретін дәрілерге бұрынғыдан да көп мөлшерде тапсырыс беруге тырысып жатырмыз. Бір аптадан кейін дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі шешіледі деп ойлаймын", - дейді "Семейное" дәріханалар желісінің директоры Руслан Сәрсенов.

Тағы да оқыңыздар

Алматыда жазда карантин режимі күшейтіле ме

Айта кетейік, облыстағы ауруханалар мен емханалар қажетті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдік шараларға дәрігер нұсқау бермеген жағдайда, ол дәрілердің пайдасыз немесе денсаулыққа қауіпті екенін ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дәрі тапшылығы туындағанын жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау қаласында дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмек тапшы