Выйти
RU

Ақтөбеде автокөлік салонынан салмағы 1,5 келіден асатын марихуана табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында “Қарасора“ жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі затын тәркіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде автокөлік салонынан салмағы 1,5 келіден асатын марихуана табылды

Фото: polisia.kz

2010 жылдың 17 маусымында “Самара-Шымкент” тас жолының 843 шақырымында полиция қызметкерлері “Лада Приора” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Көлік ішінде еліміздің оңтүстік аймағынан Ақтөбе қаласына бара жатқан Ақтөбе облысының тұрғындары болған.

Автокөлікті тексеру барысында автокөліктің салонынан салмағы 1,5 келіден асатын марихуана есірткі заттарының ірі партиясы анықталып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296–бабы 4-тармағы (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, осыцған дейін Алматы полициясы “синтетика” өндірісіне арналған есірткі зертханасын анықтады.

Осылайша, 30 жастағы Ч. есімді ер адам ғаламтор арқылы химиялық компоненттерді сатып алғаны және үйінде синтетикалық есірткі “мефедронды” шығарғаны белгілі болды. Ол өзінің улы “өнімін” ғаламтор арқылы өндірілгеннен кейін 150 грамм көлемінде сатқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде автокөлік салонынан салмағы 1,5 келіден асатын марихуана табылды