Выйти
RU

Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушілер кезегін айлап күтуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы дау басылмай тұрып, екіншісі пайда болып жатыр. Қытай мен Қазақстан шекарасында жұк тасымалдайтын жүргізушілер шекара асу үшін кезекті айлап күтуде. Кейде олардың арасында тексерістен бірінші өту үшін төбелес пен кикілжің болып тұрады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан мен Қытай шекарасында төбелес пен кезек болып жатыр

Видеодан кадр: КТК

Телеарна тілшісінің хабарлауынша, "Нұр жолы" өткізу пунктінде жағдай ушығып тұр. Жүк көлігінің жүргізушілері күннің ыстығында айлап кезектерін күтіп жүр. Олардың шекара асуға мүмкіндігі қашан пайда болары белгісіз.

Шекарада тек қазақстандық емес, ресейлік, беллоруссиялық жүргізушілер кідіріп тұр. Олар тәулікте шамамен 20 жүк көлігі тексерілетінін айтты. Бұл ретте Қазақстан өз аумағында тауарларды қайта тиеуді жүргізе алады-бұл күту уақытын қысқартуы тиіс еді.

Кейбір жүргізушілер кезекті айналып өтуге тырысып, төбелес пен кикілжіңге себепкер болады.

Автокөлік иелері бұл жағдайға қазақстандық шенеуніктердің кінәлі екенін айтуда. Олар өткізу пунктінде өткізу жүйесін дұрыс ұйымдастыра алмайтынын айтып жатыр. Сондай-ақ, олар "Нұр жолы" өткізу пункітен тексеруді сұрады.

Тағы да оқыңыздар

Қоқыс алаңынан шыққан қалың түтін жаппай жол апатына себеп болды (фото, видео)

Ал қазақстандық билік пунктінің штатты режимде жұмыс істейтінін, кідіріс Қытай тарапынан пайда болғанын айтуда. Асаан асты елі коронавирус пандемиясына байланысты тексерісті қатаңдатқан көрінеді.

Айта кетейік, 31 мамыр, жексенбі күні Қырғызстанның Баткен облысындағы Өзбекстанмен шекаралас аймақта ондаған адамның қатысуымен қақтығыс болып, қырғыздардың Чечме және Өзбек Сох анклавының Чашма ауылдарының тұрғындары бір-біріне тас лақтырған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан мен Қытай шекарасында жүргізушілер кезегін айлап күтуде