Выйти
RU

Жезқазғанда суға толы шұңқырда шомылған екі баланың бірі қаза тапты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында 14 жастағы жасөспірім суға толы шұңқырға түсіп, мерт болды. Оқиға куәгерлері суға батып бара жатқан екі баланың біреуін ғана құтқара алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жезқазғанда суға толы шұңқырда шомылған екі баланың бірі қаза тапты

Көрнекі фото: pixabay.com

24 маусым күні сағат 18:38-де Жезқазған-Сәтбаев автожолының жиегіндегі суға толы орға 2006 жылғы жасөспірім батып кеткендігі хабарланды.

Анықталғандай, жасөспірімдер ересектердің қарауынсыз шомылған. Суға батып бара жатқан сәтте олар адамдарды көмекке шақыра бастаған.

«Айғайды естіген куәгерлер көмекке келіп, 2007 жылы туған қызды құтқарып алған. Қарағанды облысы ТЖД сүңгуірлері жағалаудан үш метр қашықтықта ұл баланың денесін тауып алды», - деді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы да оқыңыздар

Атырауда 1999 жылы туған қыз көпірден секіріп, мерт болды

Құтқарушылар арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға болатынын ескертеді. Сонымен қатар, суда балалар мен жасөспірімдерге ерекше көңіл бөлу қажет.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елордада Нұра өзенінде суға батып бара жатқан қызды құтқарған ер адамның өзі көз жұмғаны туралы хабарлаған едік.

"Таңғы сағат бес шамасында бір қыздың аяғы тайып кетіп, жартастан өзенге құлаған. Екі жігіт бірден суға секіріпті. Қыз аман қалды. Бірақ 29 жастағы астаналық азамат құтқару кезінде суға батып кетті", - деп мәлімдеді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Манарбек Шапағатов.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жезқазғанда суға толы шұңқырда шомылған екі баланың бірі қаза тапты