Выйти
RU

Лукашенко қашып жүрген экс-президент Бакиевке резиденция жанынан жер берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевке Минск теңізіндегі өзінің "Заславль–2" резиденциясы жанынан 70 соттық жер берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Centralasian.org қызметіне сілтеме жасап.

Лукашенко қашып жүрген экс-президент Бакиевке резиденция жанынан жер берді

Құрманбек Бакиев. Фото: TUT.BY

Бұл туралы TUT.BY сайты Жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік тіркеу мәліметіне сүйеніп хабарлаған.

Жер учаскесі 2019 жылдың желтоқсан айында Лукашенкоға өмір бойы пайдалануға берілген аумақтан берілген.

45 соттық жері Бакиевке ауыл шаруашылығын жүргізу үшін, қалған 25 соттығы тұрғын үй салуға бөлінген.
  • Құрманбек Бакиев 2005 - 2010 жылдар аралығында Қырғызстанды басқарды.

Ол Асқар Ақаев үкіметіне қарсы "Қызғалдақ революциясынан кейін" билікке келді.

Бірақ 2010 жылдың 7-15 сәуір аралығында Қырғызстанда кезекті рет төңкеріс болып, оппозиция оны биліктен кетірді. Революция кезінде 100-ге жуық адам қайтыс болды.

Бакиев сәуір оқиғасынан кейін Қырғызстаннан қашқан. Қазір ол отбасымен бірге Беларусьте тұрады. Сол елдің азаматтығын алған.

Қырғызстан билігі оны қайтаруды талап етіп жатыр. Ол Қырғызстанда британдық кәсіпкер Шона Дэйлидің өміріне қастандық жасады, қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталған.

Бұрынғы президент сырттай 30 жылға сотталған әрі оған іздеу салынған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Лукашенко қашып жүрген экс-президент Бакиевке резиденция жанынан жер берді