Выйти
RU

"Көздері қызарған, жөтеледі": Қарағанды тұрғындары КВИ белгілері бар полицейлерге шағымданды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жәбірленуші және куәгер есебіндегі бірнеше адам қатты суық тию белгілері бар, яғни жөтел, тұмау, көздері қызғарған тергеушілердің жауап алып жатқанына шағымданды. Тергеушілердің бірі иіс сезімін жоғалтып алғанын айтқан. Бірақ Қарағанды ​​облысының полиция департаменті қызметкерлердің жаппай ауруы туралы шағымдарды жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Көздері қызарып, жөтеледі": Қарағандылықтар КВИ белгілері бар полицейлерге шағымданды

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Мен жауап алуға жәбірленуші ретінде келдім. Маған қарама-қарсы көзі қызарған тергеуші түшкіріп, жөтеліп отырды. Сыртқы белгілерге сәйкес, оның дене қызуы мен суық тию белгілері бар екені көрінеді. Бұл коронавирус па әлде ЖРВИ ма, білмеймін", – дейді ер адам.

Қылмыстық іске қатысқан тағы бір адам алғашқы жауап алудан кейін екінші рет келуден бас тартқанын айтты.

"Мен полиция бөліміне тәртіп сақшыларының денсаулығы қалпына келмейінше, ол мекемеге аттап баспайтыным туралы хат жібердім. Тергеушілердің барлығы дерлік ауырып жүр! Тергеу бөлімінің бастығы сырқат демалысында", – дейді ол.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу бөлімінің бастығы расымен денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін айтты. Бірақ олар оның диагнозын атаудан бас тартты.

"Тергеу бөлімінің бастығы немен ауырып жатқаны дәрігерлік құпия. Полиция қызметкерлері де адамдар, олар да ауыра алады. Тергеушілерге келетін болсақ, ауырып жүргендері сырқат демалысында жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Орал қаласында ер адам прокуратураның жанында өзін-өзі өртеді (видео)

Ал дені сау қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істейді. Егер куәгерлер мен жәбірленушілер тергеушінің түшкіргенін көрсе, бұл олардың қызметтік тұлғаға диагноз қоюға құқығы бар дегенді білдірмейді", – деді ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Жанатай Сембеков.

Еске салсақ, Атырау облысындағы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылының тұрғыны тепсе темір үзетін ұлын жарымжан қылған полиция қызметкерлері 4 айдан бері өз жазасын алмай отырғанын айтып, шағымданын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көздері қызарған, жөтеледі": Қарағанды тұрғындары КВИ белгілері бар полицейлерге шағымданды