Выйти
RU

Карантинге жабылды: Нұр-Сұлтан тұрғындары 3 шілдеге дейін соттаспайтын болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қаласы соттарының жекелеген судьялары мен мамандарында Сovid-19-ның анықталуына байланысты елордалық соттарда 2020 жылғы 24 маусымнан 3 шілдеге дейін карантин енгізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Карантинге жабылды: Нұр-Сұлтан тұрғындары 3 шілдеге дейін соттаспайтын болды

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сот істерін онлайн қарау кейінге қалдырылды. Осы уақыт аралығында әкімшілік істер, бұлтартпау шарасын санкциялау, күзетпен ұстау мерзімін ұзартумен байланысты материалдар және кейінгі қалдыруға жатпайтын бөлек материалдар қаралады.

"Аталмыш шаралар лажсыз болып табылады және азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған.
Түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өздеріңіз бен жақындарыңызды сақтаңыздар!",- деді Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметінде.

Айта кетейік, Алматы облысында карантин ржимі күшейтілді. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің қаулысына сәйкес, өңірде жаңа шаралар күшіне енеді.

Ал Солтүстік Қазақстан облысында демалыс күндері шағын дүкендер мен дәріханалардан басқа барлық көңіл көтеру және қызмет көрсету орталықтары жабылады. Бұл күндері қоғамдық көліктің жұмысы да уақытша тоқтатылмақ. Аймақтың бас санитар дәрігері шығарған қаулы 27 маусымда сағат 00.00-де күшіне еніп, 29 маусым күні сағат 00.00-де күшін жояды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантинге жабылды: Нұр-Сұлтан тұрғындары 3 шілдеге дейін соттаспайтын болды