Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкем біртүрлі": Дидар Кәденнің ұлы тікелей эфирге шығып, желіні жарды

Опубликовано:

Отандық танымал әнші әрі композитор Дидар Кәденнің ұлы оның парақшасынан тікелей эфирге кіріп, желідегілерді тәнті етті. Әкесін күтіп шаршаған балақай желідегі оқырмандарымен өзі тілдесіп, біраз қызықтарды айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Лидия Кәденованың немересі әкесінің Instagram-дағы тікелей эфирін жүргізіп, желі қолданушыларын күлкіге қарық қылды.

Дияр әкесінің әлі жұмысқа бармай жүргеніне таңданысын білдіріп, оны біртүрлі адам деп атады.

Сонымен қатар, оқырмандармен әңгімесі барысында бүлдіршін далаға көп шықпайтын болғанын айтып қалды. Ол көшелерде полиция қызметкерлері жүріп, тексеретінін де жақсы біліп тұр.

Дидар Кәденнің жанкүйерлері оның баласына аса тәнті болып, тікелей эфирде өз жылы лебіздерін тоқтаусыз білдіріп жатыр. Олар кішкентай Диярдың өте ақылды, ақкөңіл әрі ашық балақай екенін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, Дидар Кәденнің бірінші некесі сәтсіз аяқталып, Айым Алтынбекова екеуі ажырасып кеткен болатын.

Алайда ортақ баласы үшін олар жақсы қарым-қатынас сақтап қала алған. Бүгінде жас ата-ана Диярдың тәрбиесіне барынша бірдей көңіл аударуға тырысып жүр. Әнші ұлымен қалаған уақытында кездесіп, оны өз үйіне алып кетіп тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862048-kem-birtrli-didar-kdenni-ly-tikelej-efirge-sygyp-zelini-zardy/

pixel