Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Опубликовано:

25 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасы бекеттерінде жұмыс уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото : 1743.ru
Фото : 1743.ru: Facebook
"Өткізу пунктерін жабу Қытай Халық Республикасында Күріш күні тойлануына байланысты Қытай тарапы бастамасымен қолға алынып отыр", – делінген хабарламада.

Азаматтар мен жүк көліктерін өткізу 26 маусымнан жаңартылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қытай мен Қазақстан шекарасында жұк тасымалдайтын жүргізушілердің шекара асу үшін кезекті айлап күтуге мәжбүр екенін жазғанбыз. Кейде олардың арасында тексерістен бірінші өту үшін төбелес пен кикілжің болып тұрады.

КТК телеарнасының тілшісі хабарлағандай, "Нұр жолы" өткізу пунктінде жағдай ушығып тұр. Жүк көлігінің жүргізушілері күннің ыстығында айлап кезектерін күтіп жүр. Олардың шекара асуға мүмкіндігі қашан пайда болары белгісіз.

Шекарада тек қазақстандық емес, ресейлік, беллоруссиялық жүргізушілер кідіріп тұр. Олар тәулікте шамамен 20 жүк көлігі тексерілетінін айтты. Бұл ретте Қазақстан өз аумағында тауарларды қайта тиеуді жүргізе алады-бұл күту уақытын қысқартуы тиіс еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862054-kazakstan-kytaj-sekarasy-uakytsa-zabylady/

pixel