Выйти
RU

Президент: Биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында әлемді жайлаған коронавирус індеті жайында сөз қозғады. Ол ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өздері дәрменсіз болып отырғанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Ана тілі" басылымына сілтеме жасап.

Фото: anatili.kazgazeta.kz

Фото: anatili.kazgazeta.kz

"Шынында да, бұл індет біздің ғана емес, жалпы әлемдегі адамзаттың бет-бейнесін, тұрмыс-тіршілігін өзгертті. Ауыр дерттің алдында дамыған мемлекеттердің өздері дәрменсіз болып отыр. Оған бәріміз куәміз. Озық деп жүрген Еуропа елдері, азуын айға білеген АҚШ, Азия алыптары – Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тағы басқа да елдер тығырыққа тірелгендей", – деді Тоқаев.

Сондай-ақ ол еліміздің қатерлі дертпен қалай күресіп жатқанын айтып берді.

"Ал қазір, «біз осы індетпен күресте жеңіліп жатырмыз немесе Үкімет ахуалды бақылаудан шығарып алды» деуге болмайды. Өздеріңізге мәлім, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұқпалы ауруларға арналған үш аурухана жедел салынды. Басқа өңірлердегі ауруханалар керек-жарақпен жабдықталды.
Науқастарды емдеуге дәрігерлеріміздің біліктілігі жетеді. Қазір, ақ халатты абзал жандар күндіз-түні осы індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүр. Мемлекет тарапынан қажетті қаражат бөлінді", – деп атап өтті президент.

Тағы да оқыңыздар

"Ешбір партияда жоқпын": Балғынбек Имаш билікке қатысты бар ойын айтты

Ол билікте жүрген 15 шақты адамның коронавирусқа шалдыққанын тілге тиек етті.

"Бір нәрсені айта кетейін, биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар. Лауазымды қызметкерлер жұмыс бабына байланысты бірқатар азаматтармен кездесуі керек, сондықтан ел ішіндегі іссапарларға шығады.
Сондай жағдайда кеселді жұқтырып алуы мүмкін. Иә, олар да ауырады, науқасынан емделеді. Билікте жүргендердің арасынан 15 шақты адам осы дертке шалдықты", – деді Тоқаев.

Ол ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақырды.

"Ал қазіргі статистика бойынша, вирус жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтады. Яғни олардың көпшілігі – қарапайым халық. Бұл жердегі мәселе кімнің қалай жұқтырып алғанында емес. Сол азаматтарымыздың ауруын асқындырып алмай, тезірек жазылып шығуына жағдай жасау қажет.

Ауруға шалдыққандарды шенеунік немесе қарапайым жұрт деп бөліп қарауға болмайды. Қазақ «Кемедегінің жаны бір» дейді. Біз бір елде тұрып, бір ауаны жұтып, бір қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін ешкім де бұл аурудан өзін толықтай қорғай алмайды.

Тағы да оқыңыздар

"Қой баққан қазақ көбейсін": Белгілі журналист тойхана жұмысын тоқтатуды талап етті

Бір планетаны мекен еткен соң өзге елдегі дерт бізге келмейді деп бейқам отыра алмаймыз. Пандемия шекараға қарамайды. Сақтансақ қана өзімізді, жақындарымызды аурудан аулақтата аламыз.
Сондықтан ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақырамын. Бұл – өтпелі қиындық, уақытша сынақ. Біз осы індеттен және экономикалық дағдарыстан кейін қалай дамимыз, не істеуіміз керек деген мәселеге баса мән бергеніміз жөн", – деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеудегі парадқа қатысқан қазақстандық әскерилерге құрмет көрсеткенін жазғанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Президент: Биліктегілер де – өздеріңіз секілді ет пен сүйектен жаралған адамдар