Выйти
RU

Ұмытылмас сыйлық: Асхат Садырбай "Халық алғысы" медалін иеленді (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай кезекті марапатқа ие болды. Бұл жолы ақпарат өкіліне қиын кезеңдерде атқарған қажырлы еңбегі үшін "Халық алғысы" медалі табысталды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/askhatsadyrbay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Асхат Садырбай арнайы мемлекеттік марапатты алғаны туралы Instagram парақшасында бөлісті. Ол бұл өзі үшін аса ұмытылмас сыйлықтардың бірі болғанын жасырмады.

Оның үстіне, журналист дәл осы медальдің жүгі мен жауапкершілігі өте үлкен екенін алға тартты. Ақпарат өкілі иеленген медалін өз ата-анасына арнады.

"Құрметті достар, бүгін Асхат ұлдарыңыз “Халық алғысы” мемлекеттік наградасымен марапатталды. Сыйлықты ҚР Президентінің кеңесшісі Е.Қарин мырза арнайы шақырып табыстады.

Бұрын-соңды ешқандай мұндай мемлекеттік награда алмағандықтан бұл мен үшін ерекше және ұмытылмас сыйлық. Оның үстіне бұл сыйлықтың жүгі де, жауапкершілігі де үлкен.

Бұл награданы осы уақытқа дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз саламда аянбай атқарған қажырлы еңбегіме берілген алғыс, сыйлық деп білемін!

Еңбегімді елеп, жұмысымды бағалаған Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев мырзаға, Президент әкімшілігіне көп рахмет! Бұл сыйлықты менің адам болып қалыптасуыма үлкен еңбек сіңірген ата-анама арнадым және маған сенім білдіріп, қашан да мені қолдап отыратын ақ ниетті көпшілік, өздеріңізге арнадым" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Садырбай Тоқаевтың алғыс хатымен марапатталған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұмытылмас сыйлық: Асхат Садырбай "Халық алғысы" медалін иеленді (фото)