Выйти
RU

"Сырттағы біреулерге еріп жүр": Тоқаев елдегі митингтер туралы не ойлайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі бейбіт жиындар мен митингтер туралы айтты. Мемлекет басшысы соңғы кезде азаматтарымыздың сырттағы біреулердің араңдатушылығына жиі ұшырап жатқанын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Ана тілі" басылымына сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Президент мемлекеттегі "митингшілдіктің" белең алуы Қазақстанды халықаралық аренада ыңғайсыз жағдайға қалдырып отырғанын басып айтты.

"Бейбіт жиындар мен митингтерге қатысу – Қазақстан азаматтарының конституциялық құқығы. Ата заңымыздың кепілі ре­тінде азаматтардың құқығын толық қамтамасыз ету – менің міндетім. Бұл жөнінде былтырғы Жолдауымда айттым.

Соңғы кездері елімізде «митинг­шілдік» белең алуда. Көбінесе азаматтарымыз сырттағы біреулердің арандатушылық ұрандары­на еріп жүр.

Бұл – аймақтық бәсекелес­тік күшейіп келе жатқан халықаралық аренада Қазақстан­ды ың­ғайсыз жағдайға қал­дырып отыр.

  • Қазақстан мен Өзбекстан – Орталық Азиядағы ең ірі мемлекеттер. Екі ел арасында кең ауқымды ын­тымақтастық артып келеді. Бұл жерде экономикалық бәсе­келестіктің де болатынын жоққа шығармаймыз. Осы жағдайларды әрқашан есте ұстау керек.
Қазақстан өзінің көшбасшылық позициясын сақтап қалуға міндетті. Ол үшін елімізде тұрақтылық болуға тиіс. Егер ішкі мәдениетімізге салсақ, ол тұрақтылықты күштік құрылымдар емес, бірінші кезекте халықтың өзі қамтамасыз етуі қажет" , - деді Тоқаев.

Тағы да оқыңыздар

"Ешбір партияда жоқпын": Балғынбек Имаш билікке қатысты бар ойын айтты

Мемлекет басшысы елдегі тұрақтылықты сақтап, наразылық шерулерді болдырмауға қатысты Өзбекстанның тәжірибесін мысал ретінде келтірді.

"Өзбектер қоғамдық қатынастарды саясиландырмай, еңбек пен саудаға басымдық беріп, ХХ ғасырдың бас кезіндегі аз ғана халықтан қазір Орталық Азиядағы ең үлкен ұлтқа айналды. Сондықтан ұлы Абайдың өзбек халқына қатысты айтқан парасатты ой-пікірі қазіргі технология ғасырында да өзінің өзектілігін жоғалтпағанын байқаймыз.
Өзбектер саясатқа құмар емес, олар еңбек еткенді құптайды. Бұл ел көшеде ұрандатып шеруге шығып жүрген жоқ. Қайта жасампаздыққа жетелейтін еңбекпен айналысып жатыр" , - деді президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев "Бейбіт жиындар туралы" қабылданған жаңа заң жобасы туралы айтып өтті. Енді бейбіт жиын өткізу үшін рұқсат сұраудың қажеті жоқ. Бар болғаны жергілікті билікке бес күн бұрын ескерту қажет.

Ең маңыздысы - шерушілер Конституцияға қайшы келетін үндеулермен шықпауы, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызбауы қажет.

"Парламент «Бейбіт жиындар туралы» жаңа заң қабылдады. Қоғамдық сараптамадан өткен аталған заң – менің ойымша, еліміздегі демократия­ны ілгерілету үшін жасалған маңызды қадам. Енді бейбіт жиындарды өткізу үшін рұқсат сұрамай-ақ, бес күн бұрын жергілікті билікке ескертсе жеткілікті. Осындай жиындарды өткізу үшін бірқатар арнайы орындар бөлінді.

Тағы да оқыңыздар

"Қой баққан қазақ көбейсін": Белгілі журналист тойхана жұмысын тоқтатуды талап етті

Митинг ұйымдастырушылардан қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбау талап етіледі. Сондай-ақ олар Конституцияға қайшы келетін үндеулермен шықпауы, ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық туғызбауы қажет.

  • Бұл – қалыпты жағдай. Әсіресе АҚШ-та және басқа да дамыған елдерде болған соңғы оқиғаларды ескеру керек.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан грант алатын кейбір азаматтарымыз қабылданған заңды негізсіз сынайды.

Олардың пікірінше, Қазақстанда «Митингке қашан шығамын? Кіммен шығамын және қай жерде өткіземін? Яғни өзім білем» деген жүгенсіздік қағидаты болуы керек екен.

Әсіресе солардың митингіге шетел азаматтары мен кәмелетке толмаған балалардың қатысуын талап етуін шектен шыққандық деп санаймын.

Олардың ойы белгілі. Ондай адамдарға тыныштық пен тұрақтылық қажет емес. Ал біз қарқынды дамы­ған, татулығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанды сақтауымыз керек.

Халық ең алдымен ел іргесінің берік­тігін терең жауапкершілікпен сезінуі керек. Сонымен қатар мемлекет өз азаматтарының заңды талаптарына құлақ асуға, қаржылық және құқықтық мүмкіндіктер аясында оларға жәрдем беруге міндетті" , - деді мемлекет басшысы.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Сырттағы біреулерге еріп жүр": Тоқаев елдегі митингтер туралы не ойлайды