RU

Ресейде қазақстандық әйелдің бала сату ісіне қатысы бары анықталды

Мәскеудің солтүстік-шығыс бөлігінде бес сәби жатқан пәтер анықталды. Олардың қытай тілінде жасалған құжаттары болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан азаматшасының есімі Ресейдегі балалар саудасы
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Оқиға орнына дәрігерлер мен полиция келді. Олар пәтерде бес күннен үш айға дейінгі бес нәрестені тапқан.

Пәтерде нәрестелерді бақылап отырған екі әйел болған, бірақ бұл екеуі балалардың анасы емес екен.

Табылған нәрестелер дереу ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайын дәрігерлер қадағалап жатыр. Рен ТВ хабарлағандай, балалар жақын арада Қытайға сатылып кетуі мүмкін еді.

Кейін адам саудасы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуге қамқоршылық органдарының және басқа ведомстволардың қызметкерлері қатысты.

Бес баланың бәрін суррогат аналар дүниеге әкелгені белгілі болды, алдын ала болжам бойынша, балаларды Қытайға сату мақсатымен туған.

Сәбилердің барлығы Ресей Федерациясының аумағында дүниеге келгені және оларға бас-көз болып отырған әйелдердің Қытай азаматшалары екені 24 маусымда белгілі болды. Барлық бес суррогат ананың жеке басы анықталды.

Олардың қатарында Ресей Федерациясының бір азаматшасы, Қытайдың үш азаматы және Қазақстан Республикасының бір азаматшасы бары анықталды.

Қазіргі уақытта балалардың жағдайы туралы мәлімет жоқ, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында мас күйінде 3 баланы қаққан әйел құрбыларына көлікті қолдың көмегінсіз жүргізе алатынын айтып, мақтанбақ болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862068-resejde-kazakstandyk-jeldi-bala-satu-isine-katysy-bary-anyktaldy.html