Выйти
RU

"Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай ауыр": Надыров мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров елімізде коронавирус инфекциясының өршуі отбасылық шаралардың әлі де тоқтамауымен байланысты екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Надыров елордада өткен онлайн брифинг барысында мәлімдеді.

  • "Біз әлі күнге үлкен тойларды, ас, тағы басқа халық көп жиналатын шараларды өткізуге тырысатындарды көріп жатырмыз. Әрине, қазір мұндай жиындарды жасауға болмайды. Ертең кеш болып қалмай тұрғанда, қазір жағдайдың қиын екенін түсінуіміз керек", - деді Надыров.

Ол қатаң тәртіпке бағынып, пандемияны жеңген елдерді үлгі етті.

"Бізге бір жағынан экономиканы ұстап тұру керек болса, екінші жағынан коронавирустың таралу тәуекелін азайту қажет. Бұл кез келген денсаулық сақтау жүйесіне оңай емес. Сондықтан ары қарайғы жағдай жүйенің ресурсына ғана емес, халықтың өзіне де байланысты.

Әлемде осындай жаппай инфекцияның таралуына дайын болған бірде-бір ел жоқ. Дегенмен карантиндік тәртіпті қатаң сақтап, пандемия дағдарысын жеңген мемлекеттер бар", - деді Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Оның сөзінше, төтенше жағдайлар режимі мен блок-бекеттер алынғаннан кейін инфекция жұқтырғандардың саны көбейген.

Тағы да оқыңыздар

"Зардабы да ауыр болмақ": Біртанов "жеке карантин" талаптарын қатаң сақтауға шақырды

"Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай ауыр. Бірақ оны бақылауда ұстауға болады. Алматыда медициналық көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Яғни стационарларда және емхана деңгейінде қажет көмек көрсетілуде", - деді Надыров.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының сөзінше, өткен аптада ауруханаға жатқызылғандар мен жедел жәрдем шақырушылардың саны 2 есе артқан. 

"Біз ауру бойынша үнемі талдау жүргізіп отырмыз. Ауруды көбінесе 20-29 жас аралығындағы адамдар жұқтырып жатыр. Олардың үлесі - 35 пайыз. Ал 60 жастан асқандар ауруды 4 есе сирек жұқтырады. Олардың үлесі шамамен 9 пайыз", - деді Қамалжан Надыров.

Ол оңтүстік астанадағы жалпы жағдай туралы да айтып өтті.

"Эпидемия басталғаннан бері қалада жалпы 3 530 жағдай тіркелді. 2 178 адам сауығып, емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны - 23. Бүгінде қала стационарларында 1 398 науқас ем алып жатыр. Ауырлық дәрежесі бойынша өте ауыр хәлде 19 адам, ауыр дәрежеде - 173, орташа дәрежеде - 1044 және қанағаттанарлық жағдайда 162 адам тіркеліп отыр", - деді Надыров

Еске сала кетсек, осыған дейін Камалжан Надыров коронавируспен қалай ауырғаны туралы айтып берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай ауыр": Надыров мәлімдеме жасады