Выйти
RU

COVID-19 бен пневмония: Нұр-Сұлтанда ауруханаға түскендер саны үш есе артты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте күнделікті ауруханаға пневмония мен коронавирус инфекциясы диагнозымен 350-400 адам түсетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда ауруханаға түскендер саны үш есе артты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сәуле Қисықова елордадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы ақпаратпен бөлісті. Өткен аптамен салыстырғанда провизорлық және инфекциялық стационарларға түскен адамдардың саны үш есе артқан.

Қисықованың айтуынша, 24 маусым күні қалада коронавирус инфекциясының 3546 дерегі тіркелген. Соңғы жеті күнде орташа есеппен күніне 150 КВИ дерегі расталып жүр.

Деректердің 50 пайызы симптомсыз формада өтуде, 73 пайыз пациент жазылып шыққан, соңғы тәулікте олардың саны 76- ны құрайды. Вирус құрбанына айналғандар саны 38. Олардың 70 пайызы - 60 жастан асқандар. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 103 науқас жатыр,олардың 51-і - коронавирус жұқтырғандар. 22 адам өкпені жасанды жеделдету аппаратына қосылған.

Сондай-ақ, спикер елордалық "жедел жәрдемге" қысым көбейгенін айтты. Атап айтқанда, шұғыл көмекке аттанатын ақ халаттыларға өткен аптада 28 мың қоңырау келіп түскен, 24 маусым күні 4,5 мың адам жедел жәрдем бригадасын шақырған.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Жалпы массаның 18 мыңына, соңғы тәулікте 2800-іне қызмет көрсетілген. 24 маусым күні түскен қоңыраулардың 1300-і коронавирусқа байланысты болыпты. Қисықованың мәлімдеуінше, медициналық мекемелердің қайта бейімделуіне байланысты төсек орындар саны көбейген екен. Қазір Нұр-Сұлтанның 12 медициналық мекемесінде 3135 төсек орын жабдықталған. Бұл -елордадағы төсек орындар қорының 54 пайызы.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 520 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 19285-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19 бен пневмония: Нұр-Сұлтанда ауруханаға түскендер саны үш есе артты