Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дене мүшелері шашылып қалған": Алматыда 15-қабаттан құлаған қызға қатысты дерек шықты

Опубликовано:

Алматы қаласындағы көп қабатты тұрғын үйдің 15-қабатынан әйел адам құлап кетті. Қайғылы жағдай кеше күндізгі он бірлерде, Бостандық ауданында болған. Куәгерлердің сөзінше, оның денесі бөлшектеліп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter
"Мен жүк тасымалдаушымын. Осы кешеннен шақырту алып, көлігіме осы үйдің жиһаздарын тиеп жүрдім. Бір уақытта күзетші жігіттердің айқайы естіле бастады. Жоғарыға қарағанымда қыз баланың дене бөліктері әп-сәтте алдымда жатты. Қатты биіктен секіргендіктен ағза мүшелері жан-жаққа шашырап кетті", - деді оқиға куәгері Евгений Солдатенко.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұмның кім екенін анықтады. Ведомство мәліметінше, тергеу барысында әйелдің жүйке ауруымен ауыратыны белгілі болған.

"15 қабаттағы балконның терезесінен жас әйел секіріп, өкінішке орай оқиға болған жерде жан тәсілім етті. Анық болғандай бұл азаматша жүйке ауруына шалдыққан. Арнайы есепте тұрады. Болған оқиғаның толық мән-жәйлары және себеп-салдары алдағы сот алды тергеу кезінде анықталатын болады", - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Автор: Ә. Лесбек

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда екі адамның көпқабатты ғимараттың терезесінен секіріп кеткені туралы хабарлаған едік. Кейінірек ер адам ауруханада көз жұмды. Ал келіншек медициналық мекемеде емделіп жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел бірге тұрған. Ал пәтерде олардан өзге ешкім болмағаны, сонымен қатар екеуінің ішімдік ішкені тексеру барысында анықталды.

Олардың неліктен терезеден секіргендері әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта осы іске байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1862095-dene-mseleri-sasylyp-kalgan-almatyda-15-kabattan-klagan-kyzga-katysty-derek-sykty/

pixel