Выйти
RU

"Маскаң бар ма?": Петропавлда жүргізуші автобусқа маскасы жоқ жолаушыларды кіргізбей қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавлда автобус жүргізушісі барлық жолаушылардан маска тағуды сұрауда. Анықталғандай ол маскасыз жүрген адамдарды салонға кіргізбейді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Маска қайда?": Петропавлда жүргізуші автобусқа маскасы жоқ жолаушыларды кіргізбей қойды

Фото: Видеодан кадр

Желіде дәрігерлердің нұсқаулықтарын барша жауапкершілікпен орындап жүрген автобус жүргізушісінің видеосы пайда болды.

"Жігіт, маскаң бар ма? Тақшы, мен жаңа ғана өтініп сұрадым емес пе", - деді кадрда ер адам.

Автобус жүргізушінің бұл сөзі жолаушының көңілінен шықпаса да, ол оның өтініш орындауға мәжбүр болды. Десе де, ер азамат өзінің сөзін тыңдап, маска таққан жанға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, видеодан транспортқа маскасыз кірген өзге жолаушының жүргізушіден өзін алып кетуін сұрап жатқаны бейнеленген.

"Жоқ, тіпті, бірнеше аялдама жүріп өтсеңіз де, кіруге рұқсат ете алмаймын. Қазір жағдай сондай. Біріншіден, сіз менің және жолаушылардың өмірін қауіпке тігесіз. Маскасыз сізді еш жерге жеткізіп сала алмаймын", - деп жауап берді ол.

Естеріңізге сала кетейік, орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қазақстандық бас санитар дәрігер қоғамдық орындарында мұрны мен аузын жабудың орнына масканы иегіне қойып жүретін адамдарға шүйліккен еді.

Тағы да оқыңыздар

"Өлтіремін деді": Алматылық ару жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрады

Санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстандағы коронавирус ауруы өршуінің басты белгісі байланыстардың көбеюі екенін айтып отыр. Ол қазақстандықтарға қажетсіз байланысты тоқтатуды және басқа адамдардан 1 метр ара қашықтық сақтауды ұсынды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Маскаң бар ма?": Петропавлда жүргізуші автобусқа маскасы жоқ жолаушыларды кіргізбей қойды