Выйти
RU

Covid-19: СҚО дәрігерлері ауру белгілері жоқ науқастар туралы шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысының дәрігерлері коронавирустың симптомсыз тасымалдаушылары туралы бар шындықты айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық бас дәрігердің орынбасары Татьяна Горлова басында коронавирус инфекциясы табылғандардың барлығы да ауруханаға жатқызылғанын айтты. Алайда, қазіргі уақытта ауру белгілері жоқ науқастар үйде дәрігерлердің бақылауымен емделіп жатыр.

Симптомсыз табылғаннан кейін екі апта ішінде Covid-19 ағзада білінбесе, адамның жақсы иммунитетке ие екендігін білдіртеді. Ал ауру оның иммундық жүйесін "сындыра алмайды".

Алайда, инфекция анықталған адам оны басқаларға жұқтырады. Дәрігер симтомсыз тасымалдаушылар үйде оқшауланғанын және әр 3 күн сайын дәрігерлермен видео байланыс арқылы кеңес алатынын мәлім етті.

Оның сөзінше, ауру белгілері жоқ кейбір науқаста 14 күннің ішінде коронавирустың белгілері шығады. Онда жағдайда науқасты ауруханаға жатқызады екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова ауру белгілері жоқ коронавирус жұқтырған адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтып берген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Covid-19: СҚО дәрігерлері ауру белгілері жоқ науқастар туралы шындықты айтты