Выйти
RU

Автоматы бар сарбаз Жеңіс шеруінің алдында күзет көлігінің терезесін сындырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жедел қызмет сарбазы өз автоматымен федералды күзет қызметі көлігінің терезесін сындырды. Оқиға Мәскеудегі Жеңіс шеруінің алдында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Автоматы бар сарбаз Жеңіс шеруінің алдында күзет көігінің терезесін сындырды

Коллаж: NUR.KZ. Фото: 112 Telegram парақшасы

Федералды күзет қызметкерлері шеру алдында қылмыстың жолын кесті деп хабарлайды 112 Telegram арнасы.

Салтанатты іс-шара басталарда резервке ауыстырылған жедел сарбаз қаруының көмегімен көлік терезесін сындырғаны белгілі болды. Оған қатыты қылмыстық іс қозғалды. Қазір ұсталған азаматтаың бұл әрекетке не үшін барғаны белгісіз.

Анықталғандай, ол федералды күзет қызметкерлеріне қатысты даулы сөздер айтқан соң резервке жіберілген. Басылымның хабарлауынша, сарбаз аталған қызметкерлерді жек көретінін айтып, айқайлаған.

Полиция сарбаз шеруге қатыса алмайтынын білген соң автокөлік терезесін сындырған болуы мүмкін деп болжап отыр.

Журналист Владимир Соловьев аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Оның пікірінше, сарбаз ФКҚ көлігінен әлдекімдер өзін аңдып отырды деп есептеген. Соловьевтің айтуынша, сарбаз шерудің ең қызықты бөліміне қатысуы керк болған. Ол бастапқыда автоматпен емес, карабинмен қаруланған.

Айта кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде автоматпен бірге видеоға түсіп қалған 29 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Автоматы бар сарбаз Жеңіс шеруінің алдында күзет көлігінің терезесін сындырды