Выйти
RU

Димаш Уханьдағы дәрігерлерді қолдауға арналған Қытай шоуында өнер көрсетпек

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Уханьдағы медицина қызметкерлерін қолдауға арналған "Классикалық қанаттар" деп аталатын жаңа қытай бағдарламасында өнер көрсетеді. Шығарылым бүгін, 25 маусымда көрерменге жол тартады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Ухандағы дәрігерлерді қолдауға арналған Қытай шоуында өнер көрсетпек

Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

26 жастағы танымал әнші Димаш Құдайберген бұл жаңалықты өзінің Instagram парақшасына бірнеше пост жариялау арқылы хабарлады. Қазақстандық эстрада жұлдызының өнерін бүгін, 25 маусым Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:06-да тамашалауға болады.

"Бүгін кешке Бейжің уақытымен 20.06-да CCTV арнасындағы "Классикалық қанаттар" атты қытайлық жаңа бағдарламада кездескенше", – деп жазды Димаш.

Әртістің фан-клубы ресми парақшасында шоу Ухань ауруханасының медициналық қызметкерлеріне арналатынын атап өтті. Бағдарлама "Айдаһар қайықтары шеруі" аясында шығарылады және Димаштың тыңдармандары мен миллиондаған көрермендерді көгілдір экран алдына жинайды.

Тағы да оқыңыздар

Әскерден келген жігіт адам танымастай өзгерген (фото, видео)

Бұл жаңалықты естіген әншінің жанкүйерлері мақтау сөздерін жаудырды.

"Бір реттік көзқарасымен құлатпақшы ма?!", "Неткен керемет жаңалық, міндетті түрде көреміз", "Тағатсыздана күтеміз", "Ғажап", "Көптен бері күттірген Димаштың өнер көрсетуі, бұдан асқан керемет бар ма", "Таңертеңгі ең жақсы жаңалық", "Сені шексіз тыңдауға болады", – деп жазды желі қолданушылар.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш қазақ тіліндегі алғашқы альбомын дайындап жатқанын хабарлап, барша жанкүйерлерін қуантып қойған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Димаш Уханьдағы дәрігерлерді қолдауға арналған Қытай шоуында өнер көрсетпек