Выйти
RU

Атақты әзілкеш Харламовтың ажырасуы ойдан құрастырылған болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік танымал әзілкеш Харик Харламов пен оның жары Кристина Асмус ажырасамыз деп күллі халықты алдады. Белгілі болғандай, жұлдызды жұп екіге айырылуды ойлап та жүрген жоқ. Бұл бар болғаны бағдарлама барысында ерлі-зайыптылар орындауға міндетелген тапсырма болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/asmuskristina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/asmuskristina. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Харламов пен Асмустың ажырасуы ойдан құрастырылған жаңалық екенін Comment out бағдарламасының жүргізушісі растады. Владимир Маркони «Комсомольской правда» басылымына арнайы сұхбат беріп, жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

"Әрине, олар жобаға қатысты. Бұл қызықты әрі жолдастық тапсырма барша медиа кеңістікті дүрсілкіндіргені жақсы болған" , - деді ол.

Оның айтуынша, ерлі-зайыптыларға бірге орындауға міндетті тапсырма түскен.

"Соңғы раундта ойында тең есеп болса, біз тиын тастап жеңімпазды анықтайтынбыз. Бірақ, бұл жолы біз тапсырма бірігіп жасалыну керек деп шештік" , - деді Маркони.

Оның сөзінше, Харламов пен Асмус желіде жариялаған жазбаларын да өздері жазбаған. Жұлдызды жұптың қатысуымен түсірілген бағдарламаның бөлімі шілде айында жарыққа шықпақ.

Айта кетейік, бұған дейін Гарих Харламов пен оның жары, актриса Кристина Асмус сегіз жылдан кейін ажырасқалы жатқандарын хабарлаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атақты әзілкеш Харламовтың ажырасуы ойдан құрастырылған болып шықты