Выйти
RU

Заттарымен бірге үйін де көшіріп әкеткен отбасы жұртты таңғалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Индонезияның Бале Бусу Мутиара ауылында түсірілген видео желіде тарап кетті. Кадрдан тұрғындардың бір отбасыға басқа жерге көшуге көмектесіп, үйін жылжытып жатқанын көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Өзінің заттарымен бірге үйін де көшіріп әкеткен отбасы жұртты таңғалдырды

Фото: Видеодан кадр

Айта кетейік, Оңтүстік Шығыс Азияның кей мемлекеттерінде адам басқа жерге қоныс аударғанда тек заттарын ғана жинап кетпей, үйін де қоса көшіріп әкете алады.

Мысалы Индонезияның Бале Бусу Мутиара қаласында тұрғындар көршілерін көшірісіп, баспаналарын таяқ пен тақтайлардың көмегімен орнынан қозғалтып берген.

Жергілікті тұрғынның сөзінше, бұл жерде ерсі ештеңе жоқ, үйді көшіру - олар үшін мәдениеттің бір бөлігі екен деп жазады Newsflare.

Сондай-ақ, желіде осыған ұқсас тағы бір видео пайда болды. Кадрдан ер азаматтардың көршілеріне көшуге көмектесу үшін үйді өз күштерімен көтеріп алғанын байқауға болады. Видеоны көрген желі қолданушылары таңданыстарын жасыра алмаған.

"Видеоға қарасам болды, арқам ауырып сала береді", "Естімеген елде көп деген осы шығар. Бұрын соңды көрмеген қызық екен", - деп жазды олар.

Тағы да оқыңыздар

Әскерден келген жігіт адам танымастай өзгерген (фото, видео)

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өздігінен қозғалған жаттығу құралының желі қолданушыларын шошытқаны туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Заттарымен бірге үйін де көшіріп әкеткен отбасы жұртты таңғалдырды