Выйти
RU

БАҚ Вагнер Лавтың "Қайратта" шамамен қанша жалақы алатынын жариялады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

36 жастағы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав алматылық "Қайраттың" сапына ауысуына не түрткі болғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Вагнера Лавтың "Қайраттағы" жалақысы қанша екені белгілі болды

Фото: championat.com

Басылымның жазуынша, Вагнер Лав алматылық "Қайратқа" мәскеулік ЦСКА клубы футболшының агентіне комиссия төлеуден бас тартуына байланысты ауысқан.

Ойыншының өкілі мәскеулік клубтан талап еткен сома шамамен 200-300 мың еуроны құраған. ЦСКА-ның комиссия төлеуден бас тартуы футболшының Ресей командасының сапына өту процесін айтарлықтай баяулатқан, сол себепті Вагнер "Қайратқа" ауысқан.

Басылымның жазуынша, "Қайрат" футбол клубы Вагнер Лавтың агентіне жоғарыда аталған комиссия сомасын төлеуге келісім берген, сонымен қатар, шабуылшыға ЦСКА уәде еткеннен көбірек жалақы ұсынған.

Басылымның мәліметінше, ол шамамен 800 мың еуроны құрайды.

Еске салайық, маусымның басында Вагнер "Коринтианс" клубымен арадағы келісім шартты бұзып, өзара келісім бойынша еркін агент болған. Шабуылшы мансабын жалғастырудың бірнеше нұсқаларын қарастырып, ол ЦСКА-ға оралуды да ойластырған.

Дегенмен 23 маусымда футболшы мансабын Қазақстанның "Қайратында" жалғастыратынын әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.

Тағы да оқыңыздар

"Гарант 24" ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

Айта кетейік, бразилиялық аяқ доп шебері бұған дейін ресейлік ЦСКА қатарында 2004 жылдан 2012 жылға дейін және 2013 жылы өнер көрсеткен. Ол Ресей чемпионаттарындағы (85) және Еуропа жарыстарындағы (30) соққан голдар саны бойынша ЦСКА-ның рекорд орнатқан ойыншысы.

ЦСКА сапында үш рет Ресей чемпионы атанып, алты рет Ресей кубогы мен төрт мәрте Суперкубокты жеңіп алған, сонымен қатар 2004/05 жылдары УЕФА кубогының иегері болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БАҚ Вагнер Лавтың "Қайратта" шамамен қанша жалақы алатынын жариялады