Выйти
RU

"Жасырын той жасауды жалғастыруда": Атырау облысында карантин күшейтіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында карантин шаралары күшейтіледі. Қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қаламқас Аманжолованың айтуынша, өңірде карантин шараларын күшейтуге барлық негіз бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ жайық басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Аманжолованың сөзінше, соңғы тәуліктерде облыста коронавирус жұқтырған 400 науқас адам тіркелген. Оның 257-сі – профилактикалық скрининг кезінде анықталған.

"Бұлар - негізінен мұнай кәсіпорындарының жұмысшылары. Екінші себебі – Атырауда өздері жүгінген адамдар саны көбейіп жатыр.

Өкінішке орай, көп адам инфекцияның бар екеніне сенбей, оқшаулау ережесін сақтамады, жасырын түрде той мен садақалар жасауды жалғастырып жатыр.

Эпидемиологиялық тергеу жүргізген кезде науқастардан "қай жерге бардыңыз, кіммен қарым-қатынаста болдыңыз" деп сұрасақ, әдетте, садақаға немесе тойға барып едім деп айтып жатады.

Маска тағып, қашықтық сақтап, антисептикті қолданып, барынша үйде отырыңыздар дегім келеді", - дейді Аманжолова.

Басылымның мәліметінше, облыстың бас санитардың дәрігерінің қаулысына сәйкес, 27-28 маусымда демалыс күндеріне өңірде шектеу шаралары енгізілмек.

Еске сала кетсек, соңғы деректер бойынша Қазақстанда коронавирус 19 мыңнан астам адамнан анықталды. Олардың 1580-і Атырау облысынан тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жасырын той жасауды жалғастыруда": Атырау облысында карантин күшейтіледі