Выйти
RU

Ләйлә Сұлтанқызы: ПТР тестін тапсырудан спорт шебері болдық

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жанұясымен бірге тағы да коронавирусқа тест тапсырды. Ақпарат өкілі мен оның жақындары осымен ПТР зертханасына үшінші мәрте жүгінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: instagram.com/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ләйлә Сұлтанқызы COVID-19 вирусының бар-жоғын анықтауға тым көп адам барып жатқанын айтты. Ол ПТР сынама өткізу үшін өзге тұрғындармен ұзын-сонар кезекке тұрғанын жеткізді.

"Тәжім басымда ма, бойымда ма? Бір әріптесім айтпақшы ПЦР тест тапсырудан мастер спорта болдық. Бүгін отбасымызбен үшінші рет тапсырдық. Құжынаған адам. Өзін ойлап келді ме екен, біреудің талабымен ба, Құдай білсін. Әйтеуір, өз басым таң атпай асқазанды витаминге толтырып, тамақты/мұрынды шайып келдім. Көмектеседі деген үміт қой.
Қуанып, көзіңде от жайнап, шапқылап бір дүниені жасайын десең, вирус деген бүжәй артыңнан қуып жүрген сияқты. Қуаласпақ. Үшінші айналым, есеп 3:0. ПЦР тест тапсыру мүмкіндігі қарастырылмаған қала тұрғындарына сабырлық тілеймін. Бәрі ретімен оңдалсын" , - деп жазды тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің жары мен кішкентай қызының ауырып қалғанын хабарлаған болатынбыз. Жқлдыз Өмірғали перзенті екеуінің үш күн бойы дене қызуы көтеріліп, тамақтары қызарып кеткенін алға тартты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ләйлә Сұлтанқызы: ПТР тестін тапсырудан спорт шебері болдық