Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екпе арқылы бет пішінін өзгертпек болған аруды үйіне келгенде туыстары танымай қалды (фото)

Опубликовано:

19 жастағы София Маррокуин өзінің дөңгелек бетіне риза болмай, арнайы маманның көмегіне жүгініп, бетінің пішінін сәл өзгертпек болыпты. Алайда косметологиялық процедураның нәтижесі өзі ойлағандай болмай шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Екпе арқылы бет пішінін өзгертпек болған ару желіде күлкіге қалды
Фото: bigpicture.ru: UGC

София, өзін түбегейлі өзгертуді қаламаған. Тек екпе арқылы бетіндегі артық майды кетірмек болыпты. Ол үшін бойжеткен арнайы косметолог маманның көмегіне жүгінген.

Десе де, бұл процедура да София үшін оңайға соқпаған. Себебі екпенің өзі ол үшін ауыр болған. Ал маманның кабинетінен шыққан кезде арудың беті бірден көгеріп кеткен.

Айтуынша, жасатқан процедурасы бет пішінін өзгертіп, иектегі екінші қабаттан арылтуы керек болған.

Алайда София үйге келген кезде жағы ісіп, беті төртбұрышты болып қалған. Бұны көрген Софияның ата-анасы мен жақындары шошып, үрейлене бастаған.

Ал бойжеткен өзінің жаңа түрін туыстарының қалай қабылдағанын видеоға түсіріп, ТikTok желісіне жариялаған.

Желі қолданушыларының бірі оны демеп, қолдаса, енді бірі орайы келгенде әзілдеп қалуды жөн көрген.

Десе де, София мойымай, жуырда бетінің қалыпқа келетініне сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін қайнаған майға қолын салған танымал блогердің аман қалғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862136-ekpe-arkyly-bet-pisinin-zgertpek-bolgan-aru-jine-kelgende-zin-tanymaj-kaldy-foto/

pixel