Выйти
RU

Жұлдыз жорамал: Қай зодиак белгілері бір-бірімен жақсы үйлеседі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кейде екі жұптың арасындағы қарым-қатынастың жақын болуы немесе керісінше, қиындай түсуі олардың мінездеріне ғана емес, жұлдызнама бойынша сәйкестігіне де байланысты. Адамның жеке мінез-құлық ерекшеліктері оның зодиак белгісіне тікелей қатысты. Сондықтан да адамдардың жұлдызнама бойынша бір-біріне сәйкестігін біліп алған маңызды. Осы орайда NUR.KZ редакциясы қандай зодиак белгілерінің бір-бірімен жақсы үйлесетінін зерттеп көруге тырысты.

Фото: Клуб самопознания «Знахарь»

Фото: Клуб самопознания «Знахарь»

Зодиак белгілері: кесте бойынша сәйкестік

Ең бірінші қай адамның жұлдызнама бойынша қандай зодиак белгісіне жататынын біліп алу керек:

  • Тоқтылар – 21 наурыз – 20 сәуір аралығында туған жандар.
  • Торпақтар — 21 сәуір – 21 мамыр.
  • Егіздер — 22 мамыр – 21 маусым.
  • Шаяндар — 22 маусым – 23 шілде.
  • Арыстандар — 24 шілде – 23 тамыз.
  • Бикештер —24 тамыз – 23 қыркүйек.
  • Таразылар — 24 қыркүйек – 23 қазан.
  • Сарышаяндар — 24 қазан – 22 қараша.
  • Мергендер — 23 қараша – 21 желтоқсан.
  • Тауешкілер — 22 желтоқсан – 20 қаңтар.
  • Суқұйғыштар — 21 қаңтар – 19 ақпан.
  • Балықтар — 20 ақпан – 20 наурыз.

Тағы да оқыңыздар

Жүктілік жайындағы сіз күтпеген фактілер

Зодиак белгілерін біліп алған соң, олардың бір-бірімен сәйкестігін тексеру қажет. Әдетте бұған шаңырақ көтеруге бекінген жұптар назар аударады.

Өкінішке орай, некеге тұру мен ажырасу статистикасы көңіл көншітпейді. Шаңырақ көтерген жұптардың 70 пайызға жуығы ерте ме, кеш пе ажырасып жатады. Оның себептері де әртүрлі. Кейде бір-бірін сүйетін адамдардың бірге тұра алмайтынына куә боламыз. Көбіне бұндай жағдайда жұптардың жұлдызнама бойынша бір-біріне сәйкес келмеуі де себеп болады.

Осы орайда төмендегі кестеге көз жүгіртіп, қандай зодиак белгілерінің бір-бірімен жақсы үйлесім табатынын көруіңізге болады:

Фото: gadaniya.me

Фото: gadaniya.me

Кестені пайдалану қиын емес – тік және көлденең сызықтардан өздеріңіздің зодиак белгілеріңізді табыңыз, сосын сызықтардың қиылысындағы төртбұрышқа назар аударыңыз.

Төртбұрыштың ішінде жүректің бейнесі тұрса, жұбыңызбен берік қарым-қатынас құра аласыз деген сөз. Егер төртбұрыш бос болса, аталған зодиак белгілерінің бір-бірімен сәйкеспейтінін білдіреді.

Тағы да оқыңыздар

"Тука ән салып жүр": Түркістан облысында аста-төк той жасағандар желіде әшкере болды

Әйел адамдар үшін кестенің мағынасы мынадай:

  • Тоқтылар Егіздермен, Арыстанмен, Мергенмен және Суқұйғышпен бақытты болады;
  • Торпақтар Бикешпен, Шаянмен және Тауешкімен үйлесімді қарым-қатынас құра алады;
  • Егіздердің Арыстан, Тоқты, Таразы және Сүқұйғышпен сәйкестігі жоғары;
  • Шаяндар Торпақпен, Бикешпен, Сарышаянмен және Балықтармен бақытты болады;
  • Арыстанның Егіздермен, Тоқтымен, Таразымен және Мергенмен байланысы сәтті болмақ;
  • Бикештерге Торпақ, Шаян, Таразы немесе Тауешкімен жұп құруға кеңес беріледі;
  • Таразылар Егіздермен, Арыстанмен, Бикешпен немесе Суқұйғышпен бақытты болады;
  • Сарышаяндар Шаянмен, Мергенмен, Тауешкімен немесе Балықтармен үйлесімді жұп құра алады;
  • Мергендердің Тоқтымен, Арыстанмен, Таразымен және Суқұйғышпен сәйкестігі жоғары;
  • Тауешкілер Сарышаянмен, Торпақпен, Бикешпен және Сұқұйғышпен жақсы үйлеседі;
  • Суқұйғыштарға жұп құру үшін Тоқты, Егіздер, Таразы және Балықтарды таңдаған жөн;
  • Балықтардың Сарышаянмен, Шаянмен және Суқұйғыштармен байланысы сәтті болмақ.

Тағы да оқыңыздар

"Маскүнемдігі үшін": Алматы облысының тұрғыны туған інісін ұрып өлтірді (видео)

Ал төмендегі кестеде зодиак белгілерінің бір-бірімен қаншалықты үйлесетіні көрсетілген:

Фото: Пижонка.ру

Фото: Пижонка.ру

Бұл кестені пайдалану әдісі де жоғарыдағыдай: тік және көлденең сызықтардан жұлдызнама бойынша өздеріңіздің белгілеріңізді тауып, сызықтардың қиылысындағы төртбұрышқа назар аудару қажет. Онда зодиак белгілерінің бір-бірімен қаншалықты үйлесетіні пайызбен көрсетілген.

Кестенің мағынасы мынадай:

  • Егер сәйкестік көрсеткіші 100-ден 90%-ға дейін болса – бақытты неке болады.
  • 90-80%-ды көрсетсе – бір-біріңізге түсіністікпен қараған жөн.
  • 80–70% болса – қарым-қатынас қиын болады деген сөз.
  • 70–60% – зодиак белгілерінің бір-бірімен үйлеспейтінін көрсетеді.

Астрологиялық кесте жұптар үшін барлық мәселелердің шешімі болып табылмайды. Екі жұп та берік қарым-қатынас құру үшін тер төгуі қажет. Дегенмен, астрологтардың кеңесіне де құлақ асқан артық етпейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін зодиак белгілерінің мінез-құлқы, қабілеттері мен ерекшеліктері жайында жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жұлдыз жорамал: Қай зодиак белгілері бір-бірімен жақсы үйлеседі