Выйти
RU

Арнұр Нұртаев Алматыдағы зертханалардың не үшін жабылғанын түсіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және техниканы сараптау Ұлттық орталығының" бас директоры Арнұр Нұртаев бүгінгі қоғамдық кеңестің отырысында Алматыда коронавирусты тексеретін зертханалардың неліктен жабылғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыдағы зертханалар не үшін жабылды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Зертханаларда тестті алатын адамдар жұмыс істейді. Олардың алдын ала қолданылған шараларға қарамастан вирус жұқтырып алу қаупі жоғары. Адамдардың зертханаларда жүріп, ауырып қалған жағдайлары болды", - дейді Арнұр Нұртаев.

Оның сөзінше, зертхана тек біреу вирус жұқтырғанда ғана емес, жоспарлы түрде дезинфекциялау үшін жабылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мекемелер үш күнге жабылып "тазарту жұмысын" жүргізеді.

Сондай-ақ, Нұртаевтың сөзінше, жиналған сынамалардың көптігі зертханада тест алуға кедергі болуда. Айтуынша, олардың нәтижесі әлі дайын болған жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Теңіз кенішінде карантин тағы екі аптаға созылды

"Сынамалардың көп көлемі тұр, зертхана оларды зерттеу үшін жаңа материалдарды қабылдамай жатыр. Қазір мекемелер ешкімді қабылдамайды, алайда олар екі-төрт күн ішінде ашылатынын айтуда.
Біреу кетіп қалды сондықтан тест алудан бас тартты деп айтып жатыр. Жоқ, бұл шындыққа жанаспайды. Олар жоспарлы және жоспардан тыс дезинфекция жүргізу үшін немесе сынамалардың қортындысын шығару үшін жабылды", - деп түсіндірді Нұртаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда коронавирусты анықтайтын зертханалардың қуаттылығы артатынын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арнұр Нұртаев Алматыдағы зертханалардың не үшін жабылғанын түсіндірді