Выйти
RU

"Әкесі жұдырықпен бір ұрды": Нигериялық азамат қазақ қызын қалай жар еткенін айтып берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі шоумен, актер Даниэль Данлади-Бвай отандық теле жобада Айдана есімді қазақ қызын қалай жар еткенін туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/Дастархан бағдарламасы

Видеодан кадр/Дастархан бағдарламасы

Даниэль аралас неке отбасында өмірге келген. Оның әкесі - нигериялық, анасы -қазақстандық. 

"Әкем Қазақстанда 38 жыл тұрды. Ол анаммен азық түлік дүкенінде танысып, отбасын құрған", - дейді ол Тимур Балымбетов жүргізетін "Дастархан" бағдарламасында.

Даниэль әкесі секілді өзі де өзге ұлттың қызын жар еткенін айтады.

"Қайын жұртым бастапқыда маған рұқсат берген жоқ. Біраз уақыт мені қабылдамады. Ол үшін көп тер төгуге тура келді", - дейді ол.

Даниэльдің жарының есімі - Айдана. Ол анасы келісімін бергенін, алайда Даниэльге әкесін көндіру оңайға соқпағанын айтады.

"Бір күні Айдананы шығарып салып тұрсам, әкесі қарап тұр екен. Маған жақындап келіп, жұдырықпен бір ұрды. "Қызым қара баламен қосылмайды. Сен оны тастап кетесің" деді. Мен бұның нағыз махаббат екенін айттым. Енем жақсы қарсы алды, ал әкесі қуанышты болмады", - деп есіне алды Даниэль.

Даниэльдің Айданамен танысқаннан кейін қазақ тіліне деген қызығушылығы да оянған.

Тағы да оқыңыздар

Әскерден келген жігіт адам танымастай өзгерген (фото, видео)

"Мен Айданамен танысқан соң таза қазақ тілін естідім. Бұл "махаббаттың тілі". Одан әрі жаттай бастадым. Сөздік сатып алып, көшеде дайындалып жүрдім. Осылай үйрене бастадым", - дейді шоумен. 

Айдана мен Даниэльдің ортақ балалары бар. Олар үш тілді жетік біледі екен.

"Балаларым қазақша ойлайды. Қазақша сөйлейді. Кей сөздерін түсінбеймін. Ол кезде анасы аударып береді", - дейді Даниэль Данлади-Бвай.

Еске сала кетсек, осыған дейін отандық танымал әнші Кентал аралас некеге қатысты ойын айтқан болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Әкесі жұдырықпен бір ұрды": Нигериялық азамат қазақ қызын қалай жар еткенін айтып берді