RU

"Бір орынға бес адам": Сенат депуттағына үміткерлер саны артуда

Елордада Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыс барысында комиссия төрағасы Берік Имашев бүгінде сенат депуттатығына бір орынға бес адамнан үміткер болып тұрғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бір орынға бес адам": Сенат депуттағына үміткерлер саны артуда
Фото: parlam.kz: UGC

Имашев отырыс кезінде депутаттардың сайлау науқаны басталғалы бері бүгінге дейін 88 адам ұсынылғанын атап өтті.

"Орташа алғанда бір депутаттық орынға бес адам үміткер болып тұр. Ұсыну мерзімі 12 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Ұсыну кезеңінің соңғы қорытындыларын жеке отырыста қарастырамыз", - дейді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев.

Айта кетейік, осы жылдың 12 маусымында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенаты депутаттарының сайлауын 2020 жылғы 12 тамызға тағайындау туралы қаулысы шыққан еді.

Осы орайда онлайн режимде Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда сайлауға қатысты күнтізбелік іс-шарлар жоспары бекітілді. 13 маусымнан бастап сенат депутаттығына кандидаттарды ұсыну басталды. Сондай-ақ үміткерлерге қойылатын талаптар жария етілді.

Сондай-ақ бұған дейін елімізде саяси партияларды тіркеу тәртібі жеңілдейтінін хабарлағанбыз.

Парламент мәжілісінің депутаттары саяси партияны тіркеу үшін оның мүшелерінің санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайтуды көздейтін заң жобасын бірауыздан мақұлдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862153-bir-orynga-bes-adam-senat-deputtagyna-mitkerler-sany-artuda.html