Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Алексей Цой жаңа Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған тиісті қаулы Ақордада жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой. Фото: primeminister.kz
Алексей Цой. Фото: primeminister.kz: UGC
"Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Алексей Цой бұл қызметте Елжан Біртановты алмастырды.

Ал Біртанов мемлекет басшысының жарлығымен Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды.

Естеріңізіге сала кетейік, Алексей Цой жақында ғана үкімет қаулысымен денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған еді.

Ол кезде денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына ведомство басшысының бірінші орынбасарын үкімет басшысы Асқар Мамин таныстырған болатын.

Премьер-министр Цойдың медицина және басқару саласындағы үлкен жұмыс тәжірибесін атап өткен еді.

Сонымен қатар оның Елжан Біртанов коронавирустан емделіп шыққанша денсаулық сақтау министрінің міндетін атқаратыны айтылған болатын.

Айта кетейік, Алексей Цой 43 жаста. Үш тілде сөйлейді. Заңгерлік, медициналық жоғары білімі бар. Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т. б. елдерде тағылымдамадан өткен. Сонымен қатар медицина ғылымдарының кандидаты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1862170-aleksej-coj-densaulyk-saktau-ministri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel