Выйти
RU

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елжан Біртанов еліміздің денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Мемлекет Басшысының Жарлығымен Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды", - делінген президенттің ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Біртановтың орнына оның бірінші орынбасары болған Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Айта кетейік, Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі болып 2017 жылдың 25 қаңтарында тағайындалған еді.

Таяуда экс-министр өзінен коронавирус анықталғанын Facebook парақшасында хабарлады.

Осыдан кейін Жамбыл облысында Біртановпен сапарда бірге болған үкімет басшысы Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен еді.

Шенеуніктер Қордай ауданының Гвардейский кентінде жаңадан бой көтеретін коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылыс нысанына барған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды