Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың қызметінен не себепті босатылғаны белгілі болды

Опубликовано:

Бүгін мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды. Белгілі болғандай, экс-министр денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату туралы өзі өтініш жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елжан Біртановтың қызметінен не себепті кеткені белгілі болды
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC
"Мемлекет басшысы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты денсаулық жағдайына байланысты берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатты.
Елжан Біртанов отставкаға кету туралы берген өтінішінде өзінің ауыруына байланысты және қосымша емдеуді қажет етуіне орай денсаулық сақтау саласына толыққанды басшылық жасау, әсіресе, эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы жағдайында қиын болып отырғанын атап өтті.
Ол денсаулық сақтау министрі қызметінде күнделікті жүйелі жұмыс істеп, министрліктің барлық құрылымдарына тұрақты түрде қатаң бақылау және шұғыл басқару жұмыстары талап етілетінін айтты", - деп хабардар етті үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, таяуда экс-министр өзінен коронавирус анықталғанын Facebook парақшасында хабарлаған еді.

Кейін Елжан Біртановтың жағдайын денсаулық сақтау министрілігінің өкілі Диас Ахметшәріп айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1862179-elzan-birtanovty-kyzmetinen-ne-sebepti-ketkeni-belgili-boldy/

pixel