Выйти
RU

Мамин денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министр Асқар Мамин мемлекет басшысының жарлығымен тағайындалған жаңа министр Алексей Цойды денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мамин денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды

Фото: otyrar.kz

Мамин коронавирус пандемиясымен күрес жағдайында халық денсаулығын сақтау бойынша денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешудің маңыздылығын атап өтті.

Алексей Владимирович Цой 1977 жылы 2 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Sells College (Лондон), Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, "Дәнекер" халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебін тәмамдаған.

Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т. б. елдерде тағылымдамадан өткен. Іскерлік әкімшілік докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.

Хирург-эндоскопист болып жұмыс істеген.

Сондай-ақ, Қалпына келтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері, Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, "Еуроазиаттық респираторлық қоғам" қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, Қазақстан президенті Іс басқармасының Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығының директоры, Қазрқстан паезиденті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, денсаулық сақтау вице-министрі қызметтерін атқарған. 

Тағы да оқыңыздар

Басқа депутаттар да вирус жұқтыруы мүмкін бе: Парламент мәжілісі жауап берді

2019 жылғы ақпаннан бастап президент Іс басқармасының Медициналық орталығын басқарды.

Жаңа қызметіне дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мамин денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына жаңа басшыларын таныстырды