Выйти
RU

Денсаулық сақтау министрлігі Елжан Біртановтың жағдайын баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның бұрынғы басшысының жағдайын баяндады. Белгілі болғандай, коронавирустың салдарынан Елжан Біртановта пневмония пайда болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ДСМ Елжан Біртановтың жағдайын баяндады

Көрнекі фото: pixabay.com

Біртановтың денсаулығы орташа ауыр деп бағалануда.

"Оған орташа ауыр деңгейдегі пневмония диагнозы қойылды. Жағдайының жақсаруы байқалады. Емдеу және ерте сауықтыру "COVID-19 коронавирус инфекциясын" диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес стационарда жүзеге асады", - деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымда Елжан Біртанов өзінен коронавирус анықталғанын Facebook парақшасында хабарлаған еді.

Осыдан кейін Жамбыл облысында Біртановпен сапарда бірге болған үкімет басшысы Асқар Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен еді.

Шенеуніктер Қордай ауданының Гвардейский кентінде жаңадан бой көтеретін коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыттың құрылыс нысанына барған болатын.

Айта кетейік, Елжан Біртановтың орнына денсаулық сақтау министрі болып оның бірінші орынбасары болған Алекцей Цой тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Денсаулық сақтау министрлігі Елжан Біртановтың жағдайын баяндады