Выйти
RU

Алматы дәріханаларындағы парацетамол тапшылығының себебі белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы бірнеше күн ішінде алматылықтар мегаполистегі дәріханалардан парацетамол мен термометрлер жоғалып кетті деп шағымданды. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының жетекшісі Арнұр Нұртаев жағдайды түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Пономаревтың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

сттатат

Сергей Пономарев Facebook-тегі тікелей эфирінде "КВИ кезеңіндегі халыққа медициналық көмек көрсетудің өзекті мәселелері" тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді. Баспасөз конференциясында сөйлегендер арасында Нұртаев та сөз сөйледі.

Орталық басшысының айтуынша, мұндай жағдай дәрігерлердің дәрі-дәрмектерді әлі күнге дейін сауда атауымен тағайындайтынына байланысты туындап отыр, яғни ақ халаттылар дәрі жазып берген кезде тек бір атаумен береді, алайда, мысалға алсақ, парацетамолдың бірнеше ондаған құрамдас аналогы бар, олар қаладағы барлық дәріханаларда сатылады. Бұл аналогтардың құны әртүрлі болады, қымбат дәрілер де бар, арзаны да кездеседі.

Орталық басшысы, сонымен қатар, кейбір дәрі-дәрмектер аздаған тапшылығын, бірақ бұл азаматтардың барлығы жаппай дәрі-дәрмек сатып алғанымен байланысты.

Алайда, жақын болашақта жағдай тұрақталады, деп толықтырды Нұртаев. Оның айтуынша, отандық өндіруші нарықта жоғары сапалы азитромициннің үлкен партиясын шығарды, тағы 1,5 миллион азитромицин және әртүрлі өндірушілерден 2 миллион парацетамол сертификаттаудан өтіп жатыр, содан кейін олар сатылымға шығарылады.

Тағы да оқыңыздар

Жандарбек Бекшин: Ауруханалардағы төсек орындары 95%-ға толып қалды

Сондай-ақ, Нұртаев дәрінің жетіспеушілігін туғызған тағы бір проблема барын атап айтты – қазақстандықтар өзін-өзі емдей бастаған. Оның айтуынша, тіпті төмен температура мен аздап әлсіздік болса да, адамдар антибиотиктер іше бастайды, бұл олардың денсаулығы үшін дұрыс шешім емес. Сонымен қатар, антибиотик вирустық пневмонияға қарсы қауқарсыз, өйткені ол вирустармен емес, бактериялармен күресу үшін жасалған.

Орталық басшысы Қазақстан халқына антибиотиктерді тұтыну арқылы иммунитетін төмендетпеуге кеңес берді. Орталық басшысы дәрі-дәрмектің қымбаттауына қатысты қазақстандықтардың шағымдарына қатысты бұл әр дәрінің бағасы заңмен анықталатынын айтты. Сіз дәрі-дәрмектің ең жоғары шекті бағасын Dari.kz қосымшасы арқылы көруге болады. Егер баға тым жоғары болса, онда құзырлы органдарға хабарласқан жөн.

Бүгін мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.

Белгілі болғандай, экс-министр денсаулық жағдайына байланысты жұмыстан босату туралы өзі өтініш жазған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы дәріханаларындағы парацетамол тапшылығының себебі белгілі болды