Выйти
RU

Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға Еуропаға ұшуға рұқсат берілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маусым айында Еуропалық комиссия Еуроодақ елдеріне қатынай алмайтын авиакомпаниялардың "қара тізімін" жариялады. Бұл тізімде қазақстандық әуе тасымалдаушылары жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға Еуропаға ұшуға рұқсат берілді

Фото: CC0 / Lars_Nissen_Photoart

Бұған дейін Брюссель қаласында (Бельгия) Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитетін Еуропаға ұшуға тыйым салынған әуе тасымалдаушылар тізімін жаңарту мәселесі бойынша тыңдау өтті, оның барысында қазақстандық әуе компаниялары мәселесі қаралды.

Бек Эйр әуе компаниясының ұшағымен болған апаттан кейін Еуропалық комиссия Қазақстан Республикасының авиациялық билігінің елдегі ұшу қауіпсіздігін тиімді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қабілетіне алаңдаушылық білдірді.

2020 жылғы 14 ақпанда Еуропалық комиссия елдің авиациялық биліктерінің ұйымдық құрылымын өзгерту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы, соңғы үш жылдағы сала субъектілеріне жүргізілген бақылау-қадағалау қызметінің нәтижелері туралы және негізгі жолаушылар әуе тасымалдаушыларының (Эйр Астана, СКАТ және Бек Эйр) ұшу қауіпсіздігінің жағдайы туралы ресми сұраныс жіберді.

28 ақпанда Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесіп, 2019 жылдың 1 тамызынан бастап британдық басқару моделіне және алдыңғы қатарлы еуропалық елдерінде негізделген азаматтық авиация саласын реттеудің жаңа тәсілін іске қосу туралы ақпаратты ұсынды. Саланы басқарудың және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің осы трансформациясы Ұлт жоспарының 68-қадамының аясында жүзеге асырылуда.

Тағы да оқыңыздар

"Гарант 24" ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталды

Сонымен қатар, Еуропалық комиссияға елдегі ұшу қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы және Бек Эйр әуе компаниясының тексеру нәтижелері туралы ақпарат берілді. Кейін, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Бек Эйр әуе компаниясының пайдаланушы сертификатын қайтарып алғаны туралы және Azee Air әуе компаниясының пайдаланушы сертификатын уақытша тоқтату туралы хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры П.Гриффитстің Еуропалық комиссия өкілдерімен кездесуі өтті, көтерілген мәселелерді талқылауға арналған телеконференциялар өткізілді.

Есеп қорытындысы бойынша Еуропалық комиссия ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасының атына қабылданған шешім туралы хат жолдады.

Зерттелген ақпаратқа сүйене отырып, Еуропалық комиссия бүгінгі таңда қазақстандық әуе компанияларды Еуропалық одаққа ұшуға тыйым салынған әуе тасымалдаушылар тізіміне ("қара тізім") енгізуге негіз жоқ деп шешім қабылдады.

Азаматтық авиация комитеті және Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Еуропалық комиссиямен және Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттікпен (EASA) елдегі ұшу қауіпсіздігін бақылау және қадағалау жүйесін ұйымдастыруды еуропалық стандарттарына келтіру және Америка Құрама Штаттарына ұшуға арналған Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) 1-санатын алу арқылы Қазақстанда ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін бірлескен жобаны іске асыруды жоспарлап отыр.

Тағы да оқыңыздар

Тоғжанов өңір басшыларына карантин режимін күшейтуді тапсырды

Қазіргі уақытта, 22 елдің 96 әуе компаниясына (Ауғанстан, Ангола, Армения, Венесуэла, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Джибути, Эритрея, Ирак, Иран, Қырғызстан, Молдова, Ливия, Нигерия, Непал және т.б.) ұшуға тыйым салынған.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының картасына сәйкес елімізде 2020 жылғы 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңмен жаңартылатынын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық әуе тасымалдаушыларға Еуропаға ұшуға рұқсат берілді