Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақшаны ысырап ету": ПТР-тест тапсырғандардың 20-25%-ында ғана КВИ расталады

Опубликовано:

Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың жетекшісі Абай Байгенжиннің айтуынша, коронавирус тек тест тапсырған қазақстандықтардың 20-25%-ында және компьютер томографиясынан өткендердің 10-15%-да ғана расталады. Қалғандары ақшаны ысырап қылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

оооооооооо
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Медициналық орталықтың басшысы түсіндіріп өткендей, мекеме КВИ-ге тестілеудің екі түрін – ПТР тестін және антиденелерді иммуноферменттік талдауды, яғни ИФТ өткізеді. Сынақтан өткен қазақстандықтардың шамамен 20-25%-ы іс жүзінде коронавирус жұқтырған болып шығады.

"Бізде максимум 20-25% расталады. Қалған 75-80%-ы бұл алдын алу тексерілу үшін келген адамдар. Бұл ақшаны ысырап ету",– деді Абай Байгенжин.

Дәл осындай жағдай компьютерлік томографияның көмегімен КВИ анықталған жағдайда байқалады.

"Бізде екі КТ машинасы бар. Біз таңертеңнен кешке дейін, тіпті түнде де қолымыз босамайды. 10-15%-ы расталады. Біз әрдайым айтамыз: неге компьютерлік томография жасайсыз? Бұл ағзаға зиян",– деді Байгенжин коронавирус туралы қоғамдық кеңестің отырысында.

Сондай-ақ, маман КВИ-ді анықтауға арналған жедел тестілер туралы пікірімен бөлісті. Оның ойынша, оларды орындаудың ешқандай мәні жоқ, өйткені олар сенімсіз нәтиже көрсетеді. Байгенжин жедел тестілерді "жүз пайыз жалған" деп атады.

Орталық басшысы коронавирус инфекциясын емдеу тақырыбына да тоқталды. Оның айтуынша, КВИ ағзада көптеген өзгеріс тудырады.

Сонымен қатар, кеше медициналық орталық жұқпалы аурулар ауруханасына айналып, қайта жабдықталғаны белгілі болды. Қазір мұнда тек ауыр науқастар дереу жансақтау бөліміне жатқызылған. Мұндай пациенттерде әрдайым қатар жүретін аурулар бар екендігі айтылады, көбінесе мұндай аурулардың бірнеше түрі болады. Сондықтан пациенттер вирустың өзінен емес, оның ағзаға тигізетін зардаптарынан азап шегеді.

Соңында Байгенжин қазақстандықтарға аурудың белгілері болған жағдайда ғана тест тапсыруға, сондай-ақ өзін-өзі емдеуден бас тартуға кеңес берді.

Еске салсақ, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 520 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 19285-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862193-aksany-ysyrap-etu-ptr-test-tapsyrgandardy-20-25-ynda-gana-kvi-rastalady/

pixel