Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 140-қа жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды. Осылайша, Қазақстан бойынша көз жұмғандардың саны 140 адамға жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 140-қа жетті

Фото: Anadolu Agency / Contributor / Getty Images

Ақмола облысында 1971 жылы туған ер азамат, Алматы қаласында 1958, 1977 жылы дүниеге келген әйел адамдар және 1979 жылы туған ер азамат коронавирустан көз жұмды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Айта кету керек, Қазақстандағы COVID-19-дан ең көп өлім Нұр-Сұлтанда тіркелді. Соңғы мәліметтер бойынша, елордада қайтыс болғандар саны 38 адамға жеткен. Екінші орында Алматы қаласы, онда 26 адам көз жұмған.

Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 38

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 13

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Тағы да оқыңыздар

Тағы 313 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 15 мыңға жуықтады

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Түркістан облысы – 8

Еске салсақ, өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 520 дерегі тіркелген еді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 19285-ге жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 140-қа жетті