Выйти
RU

ҰБТ-ның бесінші күні: 40-тан аса оқушы аудиториядан қуылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда ҰБТ-ның бесінші күні өтті. Аралық қорытындыға сәйкес, 40-тан астам түлек аудиториядан қуылды, себебі олар ҰБТ өткізу ережелерін бұзған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Иллюстративное фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгін, 25 маусым Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 12 өңірінде және республикалық маңызы бар 3 қалада орналасқан 67 ҰБТ өткізу пунктінде өтті.

Тестілеуге жалпы саны 11 940 түлек қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 9 568, орыс тілінде – 2 372.

91 түлек тестілеуге кіргізу кезінде тыйым салынған заттарды аудиторияға алып өтуге тырысқан үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айрылды.

Сондай-ақ тыйым салынған заттарды қолданғаны және тестілеу ережелерін бұзғаны үшін 42 түлек аудиториядан шығарылып, тестілеу нәтижелері жойылды.

Тестілеуге кіргізу барысында бір түлектің температурасы жоғары екені анықталып, осыған байланысты ол тестілеуге жіберілмеді. Тестіленуші ҰБТ-ны басқа күні сауыққан соң тапсыра алады.

Жалпы, Ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеу қалыпты режимде өтті.

Еске салсақ, еліміздің білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 160 талапкердің ереже бұзғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, биыл ҰБТ-ның алғашқы күні сынақ тапсырғандардың 30 пайыздан астамы шекті баллды жинай алмағаны туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ҰБТ-ның бесінші күні: 40-тан аса оқушы аудиториядан қуылды