Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейсен Құранбектің анасы өмірден озды

Опубликовано:

Бүгін марқұм Бейсен Құранбектің анасы қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бейсен Құранбектің анасы өмірден озды
Фото: facebook.com. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: UGC

Бұл туралы журналист Өміржан Әбдіхалықұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Бейсен Құранбектің туған шешесі дүниеден озды деген суық хабар келді. Құранбек әулетіне Алла сабыр берсін! Ағайдың артынан дүниеге әкелген анасы да аттаныпты. Ағайын-туыстары, жекжат-жұрағаттарына қайғырып көңіл айтамыз! Ана жүрек тоқтапты! Барша Құранбек әулетіне Алла үлкен сабыр берсін!",– деп жазды журналист.

Журналист Мақсат Толықбай да өзінің Instagram парақшасында Құранбек әулетіне көңіл айтты.

"Бейсен Құранбек ағамыздың анасы өмірден озыпты. Алдынан жарылқасын! Құранбек әулетіне, жекжат-жұраттарына қайғырып көңіл айтамыз",– делінген жазбада.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Құранбек әулеті мен олардың ағайын-туыстары, жекжат-жұрағаттарына қайғыра көңіл айтады.

Еске сала кетсек, 18 мамыр күні дүние салған Бейсен Құранбектің жақындары ел күтпеген үндеу жасап, қалың көпшілікке марқұмның қырық күндігі болмайтынын хабарлаған болатын.

Олар бұл шараны өткізуден бас тартуға мәжбүр болғандарын айтқан еді.

Айта кету керек, белгілі отандық журналист Жанахмет Ағыбаев әріптесі әрі досы Бейсен Құранбек туралы естелігімен бөлісіп, көпшілік жылатқан болатын. Ол марқұм тележүргізушінінің қандай адам болғаны мен оның бойындағы асыл қасиеттерін тізіп шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862199-bejsen-kranbekti-anasy-mirden-ozdy/

pixel