Выйти
RU

Еуропада коронавирустың жаңа толқыны байқалуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еуропаның 30 елінде коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыру жағдайлары қайтадан анықтала бастады. Сарапшылар Еуропада КВИ-дің екінші індеті пайда болуы мүмкін деген пікірде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еуропада коронавирустың жаңа толқыны байқалды

Көрнекі фото: pixabay.com

РИА Новостидің мәліметінше, Еуропадағы эпидемиологиялық жағдайдың ушыққаны туралы ДСҰ-ның еуропалық аймақтық бюро басшысы Ханс Клуге хабарлаған.

Клугенің хабарламасына сәйкес, өткен аптада соңғы айларда алғаш рет коронавирус жұқтырғандар саны көбейе бастаған.

Вирус жұқтырғандардың өсуі бірнеше ондаған еуропалық елдерде байқалады, бірақ олардың 11-і аса қауіпті жағдайда тұр. Бұл мемлекеттерде індеттің екінші толқыны басталуы мүмкін.

"Егер қазір жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қолға алынбаса, онда бұл елдердің денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төніп тұр", - деп келтірді Клюгенің сөзін басылым.

Оның сөзінше, ол бұған дейін де шектеу шараларын алып тастау коронавирустың екінші рет өршуіне әкелуі мүмкін екенін ескерткен.

Атап өтілгендей, инфекцияның таралуына қарсы шараларды Испания, Израиль, Польша және Германия тез қабылдаған.

Сонымен қатар, еуропалықтардың өздері де коронавирусқа барынша жауапкершілікпен қарай бастаған. Яғни олар маска тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға тырысуда.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Айта кетейік, Еуропада коронавирустың салдарынан 195 мың өлім фактісі тіркелді. Пандемияның бүкіл кезеңінде Еуропада коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 2,5 миллионнан асқан.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда тағы 172 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еуропада коронавирустың жаңа толқыны байқалуда