RU

"Қосымша ем алу қажет": Біртанов министр қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді

Күні кеше денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған Елжан Біртанов жұмысынан босатуды мемлекет басшысының өзі сұрағанын, денсаулығына байланысты қосымша ем алу қажет екенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қосымша ем алу қажет": Біртанов министр қызметінен босатылуына қатысты пікір білдірді
Фото: kstnews.kz: UGC

Біртановтың Facebook парақшасында жазуынша, 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрап, президентке өтініш жазған.

"Өкінішке қарай, мендегі асқынған пневмониялы коронавирус инфекциясы болғандықтан, қосымша ем алу қажет.

Сонымен қатар, қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай күрделі – саланы министрлік пен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының деңгейінде басқару қажет деп санаймын.

Біздің денсаулық сақтау жүйеміз күн сайын артып келе жатқан ауыртпалықты жеңе алатынына сенімдімін. Ол үшін әрқайсымыз уақыт бөліп, беріліп қызмет етуіміз қажет. Барлық әріптестеріме денсаулық пен шыдамдылық тілеймін!

Мемлекет басшысына қазақстандық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосуға мүмкіндік бергеніне және жоғары сенім артқаны үшін алғыс айтамын!", - деді өз сөзінде экс-министр.

Естеріңізге сала кетейік, Елжан Біртановтың орнына Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

Алексей Цой бұған дейін денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862219-kosymsa-em-alu-kazet-birtanov-ministr-kyzmetinen-bosatyluyna-katysty-pikir-bildirdi.html