Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 465 қазақстандық коронавируспен ауырған

Опубликовано:

Коронавирус бойынша 25 маусымдағы статистика жарияланды. Өткен тәулікте тағы 465 адамның коронавируспен ауырғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020 ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда тағы 465 қазақстандық коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

COVID-19 анықталған 465 адамның 67-і Нұр-Сұлтан қаласынан, 54-і Шығыс Қазақстан облысынан, 46-ы Қарағанды облысынан, 38-і Батыс Қазақстан облысынан, 36-ы Шымкент қаласынан, 25-і Қостанай облысынан, 25-ы Павлодар облысынан, 24-і Атырау облысынан, 23-і Ақмола облысынан, 23-і Ақтөбе облысынан, 20-ы Түркістан облысынан, 19-ы Алматы қаласынан, 19-ы Қызылорда облысынан, 15-і Алматы облысынан, 15-і Солтүстік Қазақстан облысынан, 10-ы Жамбыл облысынан және алты адам Маңғыстау облысынан.

Өткен тәулікте ауру өсімі 2,4% құраған. Қазіргі уақытта жалпы Қазақстан бойынша COVID-19-бен ауырғандар саны 19750 адам.

Сонымен қатар 25 маусымда 338 адам коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды. Бүгінде еліміз бойынша COVID-19-дан айыққандар саны 12 220-ге жетіп отыр.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустан болған төрт өлім жағдайы тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар саны он миллионнан асатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862221-kazakstanda-tagy-465-kazakstandyk-koronavirus-zktyrdy/

pixel