Выйти
RU

Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 883 адам анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 25 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 883 тасушы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасушылардың саны 13560-қа жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1320 Алматы қаласы - 1456 Шымкент қаласы - 1201 Ақмола облысы - 477 Ақтөбе облысы - 487 Алматы облысы - 1061 Атырау облысы - 1815 Шығыс Қазақстан облысы - 498 Жамбыл облысы - 517 Батыс Қазақстан облысы - 854 Қарағанды облысы - 1959 Қостанай облысы - 384 Қызылорда облысы - 472 Маңғыстау облысы - 481 Павлодар облысы - 190 Солтүстік Қазақстан облысы - 535 Түркістан облысы - 718

Сонымен қатар өткен тәулікте коронавируспен ауырған 465 қазақстандық анықталған. Қазіргі таңда жалпы статистика бойынша елімізде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 19750-ге жетіп отыр.

Сонымен бірге 25 маусымда 338 адам коронавирустан жазылып шыққаны белгілі болды. Бүгінде еліміз бойынша COVID-19-дан айыққандар саны 12 220 адам.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустан болған төрт жағдайы тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келесі аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар саны он миллионнан асатынын мәлімдеген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 883 адам анықталды