Выйти
RU

"Ливерпуль" 30 жылдай кейін футболдан Англия чемпионы атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Ливерпуль" 2019/20 маусымдағы Англия премьер-лигасының жеңімпазы атанды. Юрген Клопптың шәкірттері команданың соңғы 30 жылда қол жеткізе алмаған чемпиондық атағына ие болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram/Ливерпуль

Фото: Instagram/Ливерпуль

Қуанышты хабарды мерсисайдтықтар әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жария етті.

"Ливерпуль" чемпионаттың 31-турында футболдан Англия чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Оған себеп, команданың басты қарсыласы "Манчестер Сити" сырт алаңда түнде "Челсиге" 2:1 есебімен ұтылуы.

Осылайша Юрген Клопп шәкірттері "қалалықтардан" 23 ұпайға озып кетті. Ал қалған жеті турда "Манчестер Сити" максимум 21 ұпай жинаса да, мерсисайдтықтарды қуып жете алмайтынын түсінікті.

АПЛ-дың келесі турында "Ливерпуль" мен "Ман Сити" өзара кездеседі. Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Пеп Гвардиолла шәкірттері мерсисайдтықтардың құрметіне чемпиондық дәліз ұйымдастырмақ.

Айта кетейік, "Ливерпуль" тарихында 19 мәрте Англия чемпион атанып отыр. Олар соңғы рет 1989/90 маусымын жеңіп алды.

Еске сала кетсек, осыған дейін 36 жастағы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавтың алматылық "Қайраттың" сапына ауысуына не түрткі болғанын жазған болатынбыз. Футболшы алматылық командаға ауысқанын әлеуметтік парақшасында мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ливерпуль" 30 жылдай кейін футболдан Англия чемпионы атанды