Выйти
RU

"Кредитті әлі төлеп жатыр": Белгілі журналист тойды "понт" үшін жасайтындарды сынға алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық арнаның тележүргізушісі Гүлмира Әбіқай ертеңін ойламай тойға бола кредит алатындарды сынға алды. Журналистің сөзінше, олар "той бизнесін" көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын төмендетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Гүлмира Әбіқай

Фото: Facebook/Гүлмира Әбіқай

"Президент той туралы арнайы айтпасада да тойдан шығып қалғандаймыз. Пандемия - той үшін алашапқын болып дайындалу, ай бұрын кредит алып жүгіру, даңғаза, құрғақ кеуде, бәсеке дегеннің бәрі бос әуре екенін дәлелдеді.

Өз басым қарызданып той жасағанды қолдамаймын. Ал байлығың тасып жатса, ақша өзінен-өзі келіп жатса, қалауыңша сауық сайран сал!

Өз туыс, таныстарым арасынан жастарға талай "Тойға шақырылған 400 адамның 200-ін бәрібір танымайсыңдар. Одан да ең жақын туғандарды шақырып, дастархан жайып, қалған ақшаға Еуропаны аралап, кемемен қыдырып, ел көріп жер көріп келіңдер. Әлде, магистратураға, "Болашаққа" оқуға түсіп, ел көріп, жер көріп, біліміңді өсіріп, мықты маман болсаң, әлі мұндай тойдың талайын жасайсыңдар. Мұндай мүмкіндік әркез бұйыра бермейді" дегенмін. Арасында келіскендері жоқ.

Қазір маған 20-40 адамға арналған той ұнайды. Байлығы асқан той иесі мерекені шет елде өткізеді. Ең жақындардан артық ешкім жоқ. Қонақтарына жайғасатын отель, ұшаққа билетті де өзі алады. Бардың, қыдырдың, келдің (...).

Тағы да оқыңыздар

"Жаман ауру екен": Коронавирусқа сенбеген алматылық отбасымен вирусты жұқтырғанын айтты

Әйтпесе, біздікі тойға қиған 5 миллион теңгесін үйге қимайды. Сосын үй-күйсіз жастардың бақыты ұзаққа бармайды, ұрыс-керіс, жас отбасын жоқшылық жағалайды. Нәтижесі, екі жаққа кетеді. Ажырасып кеткенімен артында тойдың кредиті қалғанын жазып көмек сұрайтын жастар өте көп.

Әрине, келін кеткен соң ол несиені күйеу жігіт төлемей қояды немесе енесі араға түсіп, "Өзі төлеп, сорлап қалсын!" деп қарғап жібереді.

Мысалы, менің квартирант апайым болды. Өздері Тараз жақтан. Жақынымыздың баласы үйленеді деп 200 мың кредит алды үстімізге жөнді көйлек киіп барайық тойға беретін ақша бар деп, кредитке көлік алды уақытша, Алматыда сүмірейіп жүр деп ойламасын деп. Мен командировкадан келсем енем отыр "Әлгі менің алтын сырғамды сұрап алды, тойда жарқырап жүрейін деп"

Міне, осындай ессіз даурықпалар (понты) қазақтың той бизнесін көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын түсіріп жатыр. Той бітті, жылтыр көйлек шешілді, жалға алған сырға-сөлкебай қайтарылды. Ал кредитті әлі төлеп жатыр", - дейді Гүлмира Әбіқай Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін танымал айтыскер ақын Болатбек Мейірбекұлы "тойға мораторий жариялауға" қатысты пікірге өз ойын айтқан еді. Оның сөзінше, елдің дамуына қазақтың қуанышы кедергі емес.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Кредитті әлі төлеп жатыр": Белгілі журналист тойды "понт" үшін жасайтындарды сынға алды